Ирандағы президенттік сайлауда Масуд Пезешкиан жеңіске жетті

Реформатор Масуд Пезешкиан Ирандағы президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, сайлауда барлығы 30 миллион 510 мың 157 адам дауыс берген. Оның ішінде Масуд Пезешкиан 16 миллион 384 мың 403 дауыс жинаса, Саид Джалили 13 миллион 538 мың 179 дауысқа ие болды.

ТАСС-тың хабарлауынша, халықтың сайлауға қатысу деңгейі 49,8% құрады.

Масуд Пезешкиан, қазір 69 жаста, реформатор саясаткер және соңғы V шақырылымдағы Иран парламентінің мүшесі. Мамандығы - дәрігер, ол Мохаммад Хатамидің екінші президенттік кезеңінде Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрі қызметін атқарды (2001-2005). 

Сондай-ақ бұған дейін екі рет президенттік таққа таласқан, бірақ тек осы сайлауда бірінші рет жеңіске жетті: 12 жыл бұрын ол сайлау кезінде өз бетінше қарсыласына жол берген, ал 2021 жылғы сайлауда оның кандидатурасын Иранның Бақылау кеңесі (сайлауды қадағалайтын Парламенттің жоғарғы палатасы) мақұлдамады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Anadolu Agency
Өзгелердің жаңалығы