Бүгiн 2026, 06:35
Фото: Kacper Pempel / Reuters
Ирандағы операция басталғалы АҚШ-тың 365 әскери қызметкері жараланған
Бұған дейін 13 америкалық әскери қызметкердің қаза тапқаны хабарланған еді.
Иранға қарсы «Эпикалық қаһар» операциясы басталғалы бері АҚШ-тың 365 әскери қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, жараланғандардың 247-сі құрлық әскерінде, 63-і әскери-теңіз күштерінде, 36-сы әуе күштерінде, ал 19-ы теңіз жаяу әскерінде қызмет етеді.
Бұған дейін 13 америкалық әскери қызметкердің қаза тапқаны хабарланған еді.