Ирандағы наразылықтар: кемінде 48 демонстрант қаза тапты

Иранда елді шарпыған жаппай наразылықтар барысында қауіпсіздік органдары риториканы қатаңдатып, демонстранттарға қарсы «шешуші және қажетті заңды шаралар» қолданылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Жоғарғы басшы аятолла Али Хаменеидің айтуынша, наразылық білдірушілерді «Трампты қуантуға тырысқан қарулы вандалдар» деп бағалайды.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) тәртіпсіздіктерді «террористік актілер» деп атап, кез келген шабуылға қарсы шараларды жалғастыратынын жеткізді. Сот жүйесі қарулы наразылық білдірушілерді «мохареб» деп тану және өлім жазасын қолдану мүмкіндігін ескертті.

Құқық қорғау ұйымдарының мәліметі бойынша наразылықтар басталғаннан бері кем дегенде 48 демонстрант және 14 қауіпсіздік қызметкері қаза тапқан. NHR ұйымы 51 адамның, соның ішінде тоғыз баланың қаза тапқанын хабарлады.

Наразылықтар кезінде интернет толық өшірілді. NetBlocks агенттігі мәліметінше, ел бойынша интернетке қосылу деңгейі тек 1%-ға жетеді. Бұл жағдай ақпаратқа қол жеткізуді қиындатып, тұрғындар арасында азық-түлік пен негізгі тауарларға қолжетімділікті шектеді.

Әйтсе де, Жоғарғы көшбасшының ағылшын тіліндегі ресми аккаунты X әлеуметтік желісінде белсенді болып, Трампты «Иран қанына» айыптаған мәлімдемесін жариялады.

Интернеттің өшіруі мен қауіпсіздік шаралары Ирандағы наразылықтарды бақылауды қиындатқанымен, елдегі жағдай жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы