8 Наурыз 2026, 20:15 Фото: Әлеуметтік желідегі бейнежазбадан кадр.

Ирандағы мұнай қоймасына жасалған шабуылдан алты адам қаза тапты

Бұл ретте энергиямен қамту жүйесіне зиян келген жоқ.

Иранның солтүстігіндегі Фердис қаласында орналасқан мұнай қоймасына жасалған израильдік соққы салдарынан алты адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ирандық бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Альборз провинциясы әкімдігінің мәліметінше, АҚШ пен Израиль мұнай қоймасына жойғыш ұшақтар арқылы соққы жасаған.

Қаза тапқандар мен жараланғандардың арасында жақын маңда тұратын бейбіт тұрғындар да бар, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Израиль алғаш рет Иранның мұнай қоймаларына соққы жасағаны туралы жаздық.