Ирандағы көтеріліс: Тегеранда қаза тапқандар саны артып, қала толық жарықсыз қалды

Ирантанушы Жәнібек Көпжасар Ирандағы көтерілістің қазіргі ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше кеше түнде Тегеранға әскер кіргізілген. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 216 адамның денесі туыстарына берілген. Олардың 9-ы жасы 18-ге толмаған жасөспірімдер.

Тегерандағы мәйітханалар іші-сыртына дейін толып кеткен. Телеграм каналдар өлгендер саны 2000 адамнан асып кетті деп жатыр. Нәтижесінде, Мешхед, Тебриз бен Күрдістанда ереуілшілдер саны анағұрлым азайған. Бірақ, Тегеранда көбейген. Бейресми ақпарат бойынша кеше кешке бүкіл Ирандағы (жүзден аса елдімекен) ереуілшілдер саны 30 млн жуықтаған, – деп жазады ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ бүгінде Тегеранда байланыстан бөлек электр энергиясы толық өшірілген, старлинк те істемей тұр. Оның үстіне полиция старлинктерді тартып алып жатқан деседі.

Президент Пезешкиан халықты тынышталуға шақырып, әлеуметтік мәселелерді шешеміз деп жатыр. Сондай-ақ, халықты “бұзақылармен” күресте күштік құрылымдарға көмектесуге шақырды, – дейді сарапшы.

Сондай-ақ  АҚШ пен Израиль Ирандағы жағдайды пайдаланып, Иранға шабуыл жасауы мүмкін деген қауіп бар. Иран Мәжіліс төрағасы Мұхамед Бағер Ғалибаф “Егер Иран әскери шабуылға ұшыраса, АҚШ-тың аймақтағы әскери базалары мен Израиль қарымта шабуылға ұшырайды" деп мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы