Ирандағы халық наразылығы шарықтау шегіне жетті
Бұл туралы ирантанушы Жәнібек Көпжасар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, Иранда интернет толық өшіріліпті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Интернет толығымен өшірілді. Ираннан хабар ала алмай отырмыз. АҚШ араласпаса, төңкеріс болмайды. Венесуэла сценарийі Иранға жүрмейді. Кеше түнде Иран билігі әуе қауіпсіздігін күшейткеніне қарағанда, шетелден арандатушылар келеді деген сыбыс бар сияқты, - дейді ол.
Сондай-ақ сарапшы Иранда мықты оппозициялық күш жоқтығын жазады.
Халық толқып тұрғанда экономика министрінің халықты келемеждеуі дұрыс болмады, одан әрі ушықтырып жіберді, - дейді ол.
Осыған дейін Ирандағы көтерілістің себебі мен салдары туралы жазған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы