Бүгiн 2026, 18:32 Фото: istockphoto.com

Иранда жер сілкінісі болды

Хормозган провинциясында магнитудасы 4,6 болатын жер сілкінісі тіркелді. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

21 мамыр күні Иранның Хормозган провинсындағы Даргахан қаласында магнитудасы 4,6 болатын жер сілкінісі тіркелді.

«Азат Иран» Telegram-арнасының мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 13:26-да болған.  

Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.  

Қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.