Иранда жедел жәрдем тікұшағы құлады

Алматы, BAQ.KZ. Иранның батысында жедел жәрдем тікұшағы апатқа ұшырап, бес адам көз жұмды. Бұл туралы IRNA басылымы хабарлады.

Тікұшақ әуеге көтерілген соң санаулы минутта апатқа ұшыраған. Оның ішінде үш экипаж мүшесі мен екі медицина қызметкері болған. Бортта науқас жандар болмаған. 
Тікұшақ Шахркорда қаласынан 30 шақырым жерде опат болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы