Ирандағы ұшақ апаты: "Олар халықаралық келісімді бұзды"
Алматы, BAQ.KZ. "Халықаралы Украина әуежелісі" компаниясының президенті Евгений Дыхне ұшақ апатына әуе кеңістігін жаппаған Иран билігі кінәлі деген ұстанымда. Бұл туралы Дыхне "Левый берег" порталына берген сұхбатында айтты.
Егер менің пікірімді білгілерің келсе, онда елдің әуе кеңістігін жаппағандар кінәлі. Ату тетігін адам басты ма әлде ол өздігінен іске қосылды ма деген сауал мені алаңдатады,-деді ол.
Оның айтуынша, Иран билігі тек украиналық әуе кемесінің ғана емес, жалпы өз елінің әуе кеңістігі қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек еді.
Олар қауіпсіздік үшін жауап бере алмаса, халықаралық талаптарға сай әуе кеңістігін жабулары керек еді. Олар керісінше халықаралық келісімді бұзды. Басты міндетті атқара алмады, яғни қауіпсіздік қамтамасыз етілмеді,-дейді компания басшысы.
Сондай-ақ, Дыхне қылмыстық комиссия ұшақ апаты бойынша тергеу жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтты. Сол жұмыстар аяқталған соң ғана кім кінәлі екені белгілі болмақ.