Иранда "ұшақ ісі" бойынша бірнеше адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иранда украиналық ұшақтың құлауына қатысы бар бірнеше адам ұсталды, деп хабарлады "әл-Арабия" телеарнасы Иранның әділет министрі Голамхосейн Эсмаилиге сілтеме жасап.

Эсмаили ұсталғандар туралы толық мәлімет бермеген.

Айта кетейік, 11 қаңтар күні Ислам революциясы сақшылар корпусы аэроғарыш күштерінің қолбасшысы Амир Али Хаджизаде ұшақтың құлауына байланысты жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдеген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы