Иранда Қызыл Жарты ай тікұшағы апатқа ұшырады
Иранның Лурестан провинциясында Қызыл Жарты ай қоғамына тиесілі тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір экипаж мүшесі ауыр жарақат алды.
Аймақтың төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, қаза тапқандардың екеуі де — тікұшақтың ұшқыштары. Ал бір құтқарушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Ирандық БАҚ-тың мәліметінше, апат Ошторан-Кух ауданында, теңіз деңгейінен шамамен 2 800 метр биіктікте болған. Тікұшақ із-түзсіз жоғалған әйелді іздеу операциясына аттанған. Оның бортында сегіз адам болғаны анықталды.
Қазір апаттың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаңа ереже: 20 қазаннан бастап көлік әкелу тәртібі өзгереді
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы