Иранда өлім жазасына қарсы наразылық шарасы өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Иран көшелерінде өлім жазасына кесілген үш адамға қатысты наразылық шарасы өтіп жатыр. Олардың барлығы 2019 жылы қарашада өткен наразылық шарасы кезінде ұсталғандар. Бұл туралы korrespondent.net хабарлады.

Бейсенбі күні әлеуметтік желіні қолданушылар 2019 жылы қараша айындағы наразылық шарасы кезінде ұсталған үш адамды өлім жазасына кескені үшін жұма күні жалпы ұлттық наразылық шарасын өткізуге үндеу жасаған. Алайда, адамдар бейсенбі күні кешке көшеге шықты, - делінген хабарламада.

Алдымен Бехбахан қаласында наразылық шарасы басталған, кейін Шираз қаласында да адамдар көшеге шығып, наразылық танытқан.

Әлеуметтік желіні қолданушылар көптеген қалада интернет желісі істен шыққанын хабарлауда.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы