30 Маусым 2025 2025, 00:31 Фото: pexels

Иранда мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

Иранның Тебриз қаласындағы мұнай өңдеу зауытында (МӨЗ) салынып жатқан блоктардың бірінде азот резервуары жарылды.

Иранның Тебриз қаласындағы мұнай өңдеу зауытында (МӨЗ) салынып жатқан блоктардың бірінде азот резервуары жарылды. Бұл туралы Mehr агенттігі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Агенттіктің Telegram-арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, жарылыс зауыттың жұмыс істемейтін бөлігінде болған. Алдын ала деректер бойынша, жарылыстан ешкім зардап шеккен жоқ, жағдай толық бақылауда.

Бұл – соңғы айлардағы өнеркәсіптік нысандардағы техногендік апаттардың бірі. Бұған дейін, 21 мамырда Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы дизель зауытында жарылыс болып, бір адам жарақат алған, тағы 11 адам эвакуацияланған болатын.