Иранда мектеп ауласына әскери ұшақ құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран Қарулы Күштерінің әскери ұшағы Табриз қаласында апатқа ұшырап, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА новости.

Жергілікті билік өкілінің айтуынша, екі ұшқыш және бір көлік жүргізушісі көз жұмған.

Ұшақ «Шахид Алипур» мектебінің спорт залына құлаған. Оқу орны жабық болғандықтан, балалар аман.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы