21 Наурыз 2025 2025, 22:25 Фото: pixabay.com

Иранда күшті жер сілкінісі болды

Иранда күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Иранда күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Исфахан облыстық Қызыл Жарты Ай қоғамының бас директоры "Тәуелсіз Иран" Telegram-арнасында мәлімдеген.

Белгілі болғандай, елдің Исфахан провинциясындағы Бадруд және Натанза аудандарында 5 баллдық жер сілкінісі тіркелді.

Оқиға орнына Қызыл Жарты Айдың үш тобы дереу жіберілді,  - делінген хабарламада.

Әзірге қаза тапқандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.