Бүгiн 2026, 15:15 Фото: istockphoto.com

Иранда Израиль барлауымен байланысы бар деп айыпталған адам өлім жазасына кесілді

Киани Исфаханда өрт қою және мүлікті жою деректеріне қатысы бар.

Иранда ел азаматына қатысты өлім жазасы орындалды. Ол Израильдің «Моссад» барлау қызметімен байланысы бар деп айыпталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, өлім жазасына кесілген Эрфан Киани «Моссадпен» жұмыс істеді деп танылған, сондай-ақ биыл елде өткен жаппай наразылықтар кезінде вандализм мен зорлық-зомбылық әрекеттеріне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған.

Иран билігінің дерегінше, Киани Исфахан қаласында өрт қою, мүлікті жою және тұрғындарды қорқыту әрекеттеріне қатысқан. Оған суық қару қолданды деген айып та тағылған.

Айта кетейік, үкім Иранның Жоғарғы соты бекіткеннен кейін орындалған.