4 Қазан 2025 2025, 00:10
Фото: ашық дереккөз
Иранда іздеу-құтқаруға арналған тікұшақ апатқа ұшырады
Бұл туралы Лорестан провинциясындағы Қызыл Жарты ай өкілі Әли Мохаммади мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Лорестан провинциясындағы Қызыл Жарты ай өкілі Әли Мохаммади мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тікұшақ 4 000 метр биіктікте Ошторанкух таулы аймағында із-түзсіз жоғалып кеткен әйелді іздеу-құтқару жұмыстарына жіберілген.
Кабинасында 8 адам болған тікұшақ 2 800 метр биіктікте құлап кеткен.
Қазіргі уақытта Лорестаннан аймаққа 6 жедел топ жіберіліп, іздестіру жұмыстары жалғасуда.