Иранда электронды байланыс құралдарын ұшаққа алып кіруге тыйым салынды

Тек ұялы телефон алып кіруге ғана рұқсат, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы осы елдің азаматтық авиация Ұйымының ресми өкілі Джафар Язерлу мәлімдеді. Билік өкілдерінің мұндай шешім қабылдауына Иранның Израиль аумағын зымыранмен атқылауы және Ливанда пейджерлердің жаппай жарылуынан кейін ушыға түскен ахуал себеп.

Айта кетейік, өткен айда Бейрутте пейджерле жарылып, 37 адам қаза тапқан еді. 4 мыңға жуық азамат жарақат алды. Кейін Ливан билігі осы оқиға үшін жауапкершілікті Израильге жүктеді. Алайда еврей елінің билігі бұған қатысты қандай да бір мәлімдеме жасаған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы