Иранда бір тәулікте індеттен 400-ге жуық адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иранда коронавирус төңірегіндегі эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады, деп жазды Хабар24.

Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елде бір тәулік ішінде 400-дей адам қайтыс болып, 5 мыңнан аса азамат инфекцияға шалдыққан. 

Науқастардың көптігі сонша, Тегеран ауруханаларында бос орын жоқ. Індетпен күреске әскерилер тартылып жатыр. Бұдан бөлек, инфекция кеңінен етек жайған 5 қалаға баруға шектеу қойылды. 

Елдегі жағдай жақсарады деп ойламаймын. Керісінше, күн өткен сайын ахуал нашарлап барады. Тұрғындар тәртіпке бағынбайды. Сондықтан айыппұл салу арқылы ғана жағдайды жақсартуға болатын секілді, - дейді Тегеран қаласының тұрғыны Мұхадесех Кәрім.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы