9 Тамыз 2026, 19:49
Фото: Tasnim
Иранда белгісіз адамдар кофеханада оқ жаудырды: екі адам қаза тапты
Шабуылдан кейін күдіктілер көлікпен оқиға орнынан қашып кеткен.
Иранның оңтүстік-шығысындағы Захедан қаласында кофеханалардың бірінде атыс болып, екі адам қаза тапты.
Tasnim агенттігінің мәліметінше, алдын ала ақпарат бойынша, бірнеше қарулы адам Шахид Мазари бульварындағы кофеханаға кіріп, екі келушіге оқ атқан.
Екі ер адам да алған жарақаттарынан көз жұмды.
Шабуылдан кейін күдіктілер Peugeot 405 көлігімен оқиға орнынан қашып кеткен. Құқық қорғау органдары оларды іздестіріп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.