Бүгiн 2026, 17:00 Фото: championat.com

Иранда әйгілі спортшы өлім жазасына кесілді

Спортшы Құм қаласында дарға асылды.

Иранда жастар құрамасының мүшесі, 19 жастағы балуан Салех Мохаммади өлім жазасы кесілді. Спортшы Құм қаласында дарға асу арқылы жазаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Спорт 25» басылымына сілтеме жасап.

Мохаммади биылғы 8 қаңтарда үкіметке қарсы наразылық акциялары кезінде полицейлерге шабуыл жасады деп айыпты деп танылған. Сот органдары оның әрекетін «мохаребе» (Құдайға қарсы жаулық) бабы бойынша бағалаған. Бұл – өлім жазасын көздейтін аса ауыр айыптардың бірі.

Балуан өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, мойындау сипатындағы көрсетулер азаптау арқылы алынғанын мәлімдеген. Құқық қорғаушылардың айтуынша, сот бұл уәждерді тиісті деңгейде тексерместен кері қайтарып, іс жабық әрі өте қысқа мерзімде қаралған.

Сонымен қатар жаттықтырушылары мен командадағы әріптестері оқиға болған кезде Мохаммадидің нағашысының үйінде болғанын айтып, алиби ұсынған. Алайда бұл дәлелдер де ескерілмеген.

Салех Мохаммади халықаралық жарыстардағы өнерімен танылған. Ол 2024 жылдың қыркүйегінде Красноярск қаласында өткен Бувайсар Сайтиев атындағы халықаралық турнирде қола жүлде иеленген.