Бүгiн 2026, 07:14
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Иранда АҚШ пен Израильге ақпарат берді деген 500 адам қамауға алынды
Иран билігі Израиль мен АҚШ-тың елдегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін тыңшылар мен жалдамалы әскерлерді қолданатынын мәлімдеді.
Иран полициясының басшысы Ахмадреза Раданның хабарлауынша, елде АҚШ пен Израильге ақпарат берді деп 500 адам тұтқындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Жартысынан астамы стратегиялық нысандар мен соққы орындары туралы мәлімет таратқаны үшін жауапқа тартылды
Tasnim агенттігінің жазуынша, Солтүстік-Батыс провинцияда 20 адам, Солтүстік-Шығыс провинцияда 10 адам қамауға алынды. Кейбірі стратегиялық нысандар мен экономикалық инфрақұрылым туралы ақпарат жинаған деп айыпталды.
Иран билігі Израиль мен АҚШ-тың елдегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін тыңшылар мен жалдамалы әскерлерді қолданатынын мәлімдеді. Бұған дейін елде жаппай наразылықтар мен қуғын-сүргін оқиғалары орын алған.