Бүгiн 2026, 12:05 Фото: Anadolu Agency

Иранда Әли Хаменеимен қоштасуға дайындық жалғасып жатыр

3 шілдеде өтетін халықаралық аза тұту рәсіміне мемлекет басшылары, жоғары лауазымды тұлғалар мен діни көшбасшылар қатысады.

Тегерандағы «Имам Хомейни Мусалла» мешітінде Иранның бұрынғы басшысы Әли Хаменеиді жерлеу рәсіміне дайындық жалғасып жатыр.

Мешіт ауласында үлкен платформа орнатылған. Онда Хаменеи мен сол шабуыл кезінде қаза тапқан басқа да адамдардың табыттары қойылады. Платформа маңы бетон блоктармен қоршалып, бұл аймаққа кіру айтарлықтай шектелген.

Жерлеу рәсіміне қатысушылар аптап ыстықтан қиналмауы үшін мешіт ауласында салқындату жүйесі орнатылған. Сондай-ақ аумақта қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ол жерде көптеген құрылыс техникасы мен крандар жұмыс істеп жатыр.

Жұма, 3 шілде күні мемлекет басшылары, жоғары лауазымды тұлғалар мен діни көшбасшылардың қатысуымен Хаменеиді еске алуға арналған халықаралық ресми рәсім өтеді деп жоспарланған.

Сенбі, 4 шілде күні таңғы сағат 06:00-де адамдар Имам Хомейнидің «Мусалла» мешітіне жиналып, бір минут үнсіздік жариялайды. Осыдан кейін жерлеу рәсімдері басталады.

Хаменеимен соңғы қоштасу және оны жерлеу рәсімі 9 шілдеде Мешхед қаласында өтеді.

Еске салайық, наурыз айының басында Трамп Әли Хаменеидің қаза тапқанын мәлімдеді. 

Сондай-ақ кейіннен Иран Әли Хаменеидің қазасын ресми түрде растады.

Сонымен қоса  Иранның қаза тапқан жоғарғы рухани жетекшісі Әли Хаменеидің жұбайы Мансуре Ходжасте қайтыс болғаны айтылды. 

Иран билігі марқұм жоғарғы көшбасшы Аятолла Әли Хаменеиді жерлеу рәсімін ел аумағындағы америкалық және израильдік соққылардың жалғасуына байланысты кейінге қалдырды.