Бүгiн 2026, 01:29
Фото: freepik
Иран жағалауында жүк кемесіне шабуыл жасалды
Шабуыл жасаған тарап пен кеменің атауы әзірге нақтыланбады.
Иран жағалауында теңіздегі қауіпсіздікке қатысты тағы бір оқиға тіркелді. UKMTO (Ұлыбритания Әскери-теңіз күштері жанындағы теңіз саудасын үйлестіру орталығы) мәліметінше, құрғақ жүк кемесіне белгісіз кемелер шабуыл жасаған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға Иранның Сирик қаласынан батысқа қарай шамамен 11 теңіз милі (20 шақырымнан астам) қашықтықта болған. Солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан жүк кемесінің капитаны бірнеше шағын кеменің шабуыл жасағанын хабарлаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, экипаж мүшелері зардап шекпеген, кеме бортына айтарлықтай зиян келмеген және экологиялық залал тіркелмеген. Шабуыл жасаған тарап пен кеменің атауы әзірге нақтыланбады.
Сарапшылардың айтуынша, бұл оқиға аймақтағы геосаяси шиеленіс аясында теңіздегі қауіпсіздік мәселесінің өзектілігін тағы да көрсетті. Иран маңындағы су айдындары, әсіресе мұнай тасымалы өтетін бағыттар, соңғы уақытта ерекше бақылауда тұр.