Иран уран байытумен айналыспайтынын мәлімдеді

Иранның сыртқы істер министрі қазіргі уақытта ел уран байытуды жүргізбей отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, осы бағыттағы барлық инфрақұрылым шабуылдарға ұшыраған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.

Қазір Иран аумағында уран байыту жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Тиісті барлық нысандар шабуылдарға тап болды, — деді Аббас Арагчи.

Министр Иранда жарияланбаған ядролық объектілер жоқ екенін, бар нысандардың бәрі МАГАТЭ-ге белгілі екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иран СІМ-дегі дереккөз елдің АҚШ-пен тек Вашингтон өз ұстанымын өзгертсе ғана келіссөздер жүргізуге дайын болатынын жеткізген.

Дереккөздің мәлімдеуінше, Иран барлық тарапқа қолайлы ымыралы шешім табуға мүдделі. Тегеран санкциялардың алынуының орнына ядролық бағдарламасын барынша ашық етуге әзір.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы