Иран уран байытуды тоқтата тұру туралы ақпаратты жоққа шығарды
Иран Сыртқы істер министрлігі америкалық Reuters агенттігінің "Тегеран уран байытуды бір жылға тоқтата тұруы мүмкін" деген хабарламасын жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ IRIB телеарнасына сілтеме жасап.
Ведомство өкілі Исмаил Багайдың айтуынша, бұл – шындыққа жанаспайтын, бірнеше рет теріске шығарылған ақпарат.
Уран байытуды жалғастыру – Иранның өзгермейтін ұстанымы, - деді ол IRIB телеарнасына берген сұхбатында.
Бұған дейін Reuters дереккөздерге сүйене отырып, Иран егер АҚШ бейбіт ядролық технологияға құқығын мойындап, бұғатталған активтерді босатса, байытуды уақытша тоқтатуы мүмкін деген болжам таратқан еді.
Иран мен АҚШ арасында ядролық келісім бойынша жанама келіссөздердің бесінші раунды 23 мамырда Римде өтті. Тегеран ядролық бағдарламасының бейбіт сипатын дәлелдеу үшін бақылауды күшейтуге дайын екенін айтқанымен, байыту процесінен бас тартпайтынын нақты мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы