Кеше 2026, 22:20 Фото: REUTERS / Stringer

Иран Таяу Шығыстағы АҚШ-тың 14 әскери базасына соққы жасады

Аймақтағы жағдай шиеленісе түскен.

Дохада Иран өкілдері Таяу Шығыста орналасқан АҚШ-тың 14 әскери базасына соққы жасалғанын мәлім етті. Бұл туралы Ислам Республикасының «Хатам-оль-Анбия» әуе қорғанысы әскерлері орталық штабының өкілі айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Tasnim агенттігі жариялаған бейнеүндеуде ол: «Осы айуандық шабуылдарға жауап ретінде Иран Қарулы Күштері сионистік режимнің маңызды әскери нысандарына ғана емес, аймақтағы 14 америкалық базаға да соққы берді», – деді.

Өкілдің айтуынша, Иран тарапынан Израиль мен АҚШ базаларына жасалатын ықтимал жаңа соққылар бұдан да күшті болуы мүмкін.

Аймақтағы жағдай шиеленісе түскені байқалады. Бұған дейін АҚШ пен Израильдің Иранға қатысты әскери операциясы туралы ақпараттар тараған болатын.