Кеше 2026, 00:32
Фото: freepik
Иран қандай жағдайда кек қайтаруды тоқтататынын мәлімдеді
Бұл туралы Ислам Республикасы СІМ ресми өкілі Эсмаил Багай айтты
Егер Таяу Шығыс елдері АҚШ-қа өз аумағын Иранға шабуыл жасау үшін пайдалануға тыйым салса, Иран кек қайтаруды тоқтатады. Бұл туралы Ислам Республикасы СІМ ресми өкілі Эсмаил Багай мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Иранның аймақтағы халықтар мен елдерге қарсы дұшпандық ниеті жоқ, бірақ әскери агрессияға және кейбір елдердің базалары мен ресурстарын Иранға шабуыл жасау үшін пайдалануға жауап ретінде халықаралық құқыққа сәйкес өзін-өзі қорғау құқығын сақтайды, – деп хабарлайды Mehr агенттігі Багайдың сөзін.
Дипломат сонымен бірге: «Егер бұл елдер Иранға қарсы аумағы мен ресурстарын пайдалануды тоқтатса, біздің қорғаныс әрекеттеріміз де тоқтатылады», - деп атап өтті.