Иран президенті тікұшақ апатынан қаза болды

Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апаты салдарынан қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Mehr агенттігінің мәліметінше, Иран мемлекет басшысымен бірге болған Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан да көз жұмған.

Ибрахим Раиси 1960 жылы 14 желтоқсанда Иранның Мешхед қаласында туған. 

2014-2016 жылдары Иранның бас прокуроры болды.

2017 жылы Раиси Ирандағы президент сайлауына қатысты. Алайда ол тек 38% дауыс жинап, жеңіліп қалды. Сол жылы екінші рет саяси додаға қатысқан Хасан Роухани Президент атанды. 

2021 жылы Ибрахим Раиси Ирандағы президент сайлауында тәуелсіз үміткер ретінде өз кандидатурасын қайта ұсынып, жеңіске жетті.

Раиси үйленген. Оның жұбайы Джамиля Аламольхода - тегерандық Шахид Бехешти атындағы университеттің доценті. Ерлі-зайыптылардың екі қызы бар.

Бұған дейін Иран президенті мінген тікұшақ жоғалып кеткені белгілі болды. Саясаткерлер көршілес Әзербайжанда су бөгетін ашу салтанатына қатысып, елге қайтып келе жатқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы