Иран президенті мінген тікұшақ жоғалып кетті

Ибрахим Раисидің жанында Сыртқы істер министрі мен Шығыс Әзербайжан провинциясының губернаторы болған, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті ақпарат құралдары президент мінген тікұшақ таулы жерге қонғанын айтады.

Бірақ одан кейін тікұшақпен байланыс үзілген. Полиция, әскер және «Қызыл Жарты ай» ұйымы кең ауқымды іздеу жұмысын жүргізіп жатыр. Операцияға қалың тұман кедергі келтіріп жатқан көрінеді. Саясаткерлер көршілес Әзербайжанда су бөгетін ашу салтанатына қатысып, елге қайтып келе жатқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы