Бүгiн 2026, 07:14
Фото: AP Photo / Morteza Fakhri Nezhad
Иран президенті интернетке қолжетімділікті қалпына келтіруге бұйрық берді
Ресми мәліметтерге сәйкес, интернетті қалпына келтіру процесі кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Иран президенті Масуд Пезешкиан ел аумағында интернетке қолжетімділікті қалпына келтіруге бұйрық берген. Бұл туралы ирандық БАҚ хабарлады.
Иранның Байланыс министрлігіндегі дереккөздің мәліметінше, интернет шектеулерін алып тастау туралы президенттік тапсырма ведомствоға жіберілген.
Бұған дейін NetBlocks халықаралық мониторинг қызметі Иранда интернетке қолжетімділік 86 күннен астам уақыт бойы іс жүзінде толық шектелгенін хабарлаған.
Ресми мәліметтерге сәйкес, интернетті қалпына келтіру процесі кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы мүмкін.