Иран президенті елде 25 млн халық вирус жұқтырғанын мәлімдеді
Алматы, BAQ.KZ. Коронавирус пандемиясы басталғалы Иранда бұл сырқатқа 25 миллион адам шалдықты. Бұл туралы індетпен күресудің Ұлттық штаб жиналысында Иран Республикасының президенті Хасан Роухани мәлімдеді, деп хабарлады "Хабар 24".
Президент Денсаулық сақтау министрілігінің мәліметіне сүйеніп, алдағы уақытта тағы 35 миллион тұрғын осы ауруды жұқтыруы мүмкін екенін айтты. Алайда, ресми мәлімет бойынша Иранда COVID-19 жұқтырған 270 мың адам тіркелген. Дерттен 14 мың науқас көз жұмды.Қазіргі тұста Иранның 25 миллион тұрғыны коронавирус жұқтырған деп ойлаймыз. Осы кезге дейін бұл дерттен 14 мыңдай адам қайтыс болды. Маған тапсырған баяндамаға сәйкес індет басталғалы 200 мыңнан аса науқас ауруханаларға жатқызылды, ал 35 миллион адам бұл сырқатқа шалдығуы мүмкін, - дейді Иран президенті Хасан Роухани.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қылмыскерді қуған полиция оның ізімен 13 қабаттан секірді
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы