Бүгiн 2026, 04:27
Фото: Reuters
Иран парламентінің спикері Трампты "қауіпті ойыннан бас тартуға" шақырды
Ол Трампты Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұйрығын орындап отыр деп айыптады.
Иран парламенті спикері Мохаммад Багер Галибаф Дональд Трамптың «сақсыз әрекеттері» АҚШ-ты әр отбасы үшін «шын тозаққа айналдырады» деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Қате ойламаңыздар: әскери қылмыстармен ештеңеге қол жеткізе алмайсыздар, – деді Галибаф.
Сонымен қатар, ол Трампты Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұйрығын орындап отыр деп айыптап, «нақты шешім – Иран халқына құрмет көрсету және осы қауіпті ойыннан бас тарту» екенін айтты.