Иран парламенті COVID-19 ауруының өршуіне байланысты демалысқа шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран Парламенті жаңа типтегі коронавирустың (COVID-19) таралуына байланысты жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлады.

Тиісті шешімді Иран парламенттік аппаратының өкілі Низам Мусави жариялады.

COVID-19 сынағы 47 депутат пен 30 қызметкерде оң нәтиже берді. Осыған байланысты жоғары заң шығарушы органның жұмысы тоқтатылды, – деді Мусави.

Оның айтуынша, шешім Иранның коронавируспен күрес жөніндегі кеңесінің ұсыныстарын ескере отырып қабылданған.

Парламенттік делегация өкілі жұмыс істемейтін күндердің сейсенбі мен сәрсенбі екенін айтып, Парламент жұмысының қайта жанданатын күнін нақтыламады.

Бұған дейін 27 қаңтарда Иранның денсаулық сақтау министрі Бахрам Айнуллахи COVID-19 ауруының артуы аясында елде індеттің 6-шы толқыны басталғанын мәлімдеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы