Бүгiн 2026, 18:18 Фото: pixabay.com

Иран Ормуз бұғазының жабылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Тегеранның мәлімдеуінше, бұғаз арқылы кеме қатынасы қалыпты режимде жалғасып жатыр.

Иран Сыртқы істер министрлігі Ормуз бұғазының жабылғаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Ирандық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Бағаи мәлімдеген.

Ол бірқатар ақпарат құралдарында жарияланған Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы тоқтатылды деген хабарламаларды негізсіз деп атады.

Бағаидің айтуынша, Иран Қарулы күштері өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес сауда кемелерінің бұғаз арқылы қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдаған.

Бұл бағыттағы кеме қатынасы жалғасып жатыр, – деді Иран СІМ өкілі.