Бүгiн 2026, 07:12
Фото: Reuters
Иран Ормуз бұғазында Сауд Арабиясы мен Катардың танкерлеріне шабуыл жасады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі Иранның әрекетін айыптады.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі X әлеуметтік желісінде Иранның Ормуз бұғазында корольдікке тиесілі Vijian танкеріне шабуыл жасағанын хабарлады. Сондай-ақ Иран Катарға тиесілі Al-Rekkayat танкеріне де шабуыл жасағаны айтылды.
Министрлік Иран Ислам Республикасының бұл әрекетін қатаң айыптады.
Корольдік бұл жол беруге болмайтын әрекеттерді халықаралық кеме қатынасының қауіпсіздігіне, сондай-ақ әлемдік энергия тасымалының қауіпсіздігіне жасалған шабуыл деп санайды, – деп жазылған мәлімдемеде.