Иран Ормуз бұғазында "Prima" атты мұнай танкеріне дронмен соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) Telegram-арнасында жарияланған хабарламада айтылған.
КСИР мәліметінше, танкер Ормуз бұғазында қозғалысқа тыйым салынғаны және қауіпті аймақ екені жөніндегі әскери-теңіз күштерінің бірнеше ескертуін елемеген соң дронмен шабуылға ұшыраған.
Бүгін таңертең Prima атауымен жүрген мұнай танкері КСИР әскери-теңіз күштерінің Ормуз бұғазындағы қозғалысқа тыйым салу және қауіп туралы бірнеше мәрте жасаған ескертуін елемегеннен кейін дронмен шабуылға ұшырады, – делінген мәлімдемеде.
Еске салайық, бұған дейін Иран астанасы Тегерандағы әуежай өртенгені туралы жаздық.