Бүгiн 2026, 00:30 Фото: freepik

Иран Ормуз бұғазы арқылы өту үшін алым енгізу жоспарын мақұлдады

Алымдарды төлеу міндетті түрде иран риалында жүргізілуі тиіс.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық саясат комитеті Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден алым алу жоспарын мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.

Жоспарға сәйкес, бұғаз арқылы өтуге тыйым салынатын кемелер қатарына АҚШ, Израиль немесе Ислам республикасына біржақты санкциялар енгізген елдерге тиесілі кемелер кіреді. Алымдарды төлеу міндетті түрде иран риалында жүргізілуі тиіс.