Бүгiн 2026, 02:34 Фото: NASA

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерге ескерту жасады

Ормуз бұғазы – әлемдегі стратегиялық маңызы жоғары теңіз жолдарының бірі.

Иран шенеунігі Ормуз бұғазы арқылы өтуге тырысқан кемелер «отқа түсірілетінін» мәлімдеді. Бұл туралы Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) бас қолбасшысының кеңесшісі Эбрахим Джаббари мемлекеттік телеарна эфирінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Оның сөзінше, бұғаз жабылған және кемелер бұл аймаққа кірмеуі тиіс.

Олар бұл жерге кірмеуі керек. Кірген жағдайда біздің тарапымыздан қатаң қарсылыққа тап болады, – деді Джаббари.

Сонымен қатар, ол АҚШ-ты аймақтағы мұнай ресурстарына мүдделі деп айыптап, Иран өңірдегі мұнай экспортын тоқтатуға бағытталған шаралар қабылдауы мүмкін екенін жеткізді.

Ормуз бұғазы – әлемдегі стратегиялық маңызы жоғары теңіз жолдарының бірі. Бұл бағыт арқылы әлемдік мұнай мен газдың шамамен бестен бір бөлігі тасымалданады.