Иран Ормуз бұғазы арқылы израильдік кемелердің өтуін шектеуі мүмкін
Тегеран бұғаздағы бақылауды күшейтіп, кеме қатынасына жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр.
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кеме қатынасына бақылауды күшейту мүмкіндігін қарастырып жатыр, соның ішінде израильдік кемелердің өтуіне тыйым салу ықтималдығы бар, деп хабарлайды BAQ.KZ Bild-ке сілтеме жасап.
Иран төңірегіндегі қақтығысқа қатысты келіссөздер үшінші елдердің делдалдығымен жалғасып жатыр, алайда баяу ілгерілеп келеді. Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади Тегеран өз жоспарын Пәкістан тарапына жолдағанын мәлімдеді.
Сонымен қатар Иран парламенті Ормуз бұғазын толықтай қарулы күштердің бақылауына беруі мүмкін заң жобасын талқылауда. Парламент төрағасының орынбасары Али Никзадтың айтуынша, халықаралық кемелер үшін қосымша алымдар енгізілуі де мүмкін.
АҚШ-та мұндай бастамаларға күмәнмен қарайды. Президент Дональд Трамп Тегеранның ұсыныстарына көңілі толмайтынын айтып, Иран басшылығын «ішкі алауыздықта» деп сипаттады. Ол сондай-ақ қақтығыстың ушығу қаупі әлі де күн тәртібінде тұрғанын, дегенмен Вашингтон дипломатиялық қысымды жалғастыратынын атап өтті.