1 Қараша 2026, 16:48 Фото: pixabay.com

Иран Ұлыбританияның әскери күштерін террористік ұйымдар деп таныды

Иран Сыртқы істер министрлігі Ұлыбританияның Корольдік әскери-теңіз күштері мен Корольдік әуе күштерін террористік ұйымдар деп жариялады. Сондай-ақ британдық MI6 сыртқы барлау қызметін «жау топ» ретінде таныды. Бұл шешім 2026 жылғы 1 қарашада күшіне енді.

Иран Сыртқы істер министрлігі Ұлыбританияның Корольдік әскери-теңіз күштері мен Корольдік әуе күштерін «жаулық әрекеттерге» жауап ретінде террористік ұйымдар деп таныды.

Бұл туралы Press TV телеарнасы мәлімдеді. 

Иран Сыртқы істер министрлігі Ұлыбританияның “жаулық әрекеттеріне” жауап шараларын жариялады. Британдық MI6 барлау қызметін дұшпан ұйым, ал Корольдік әскери-теңіз күштері мен Корольдік әуе күштерін террористік ұйымдар деп таныды, – делінген Press TV хабарламасында.

Телеарна сюжетінде Иран Сыртқы істер министрлігі Ұлыбританияны АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы үшін әскери базалар мен логистикалық нысандар ұсынды деп айыптағаны да айтылған.