Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өту бағытын келісті
Иран Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, екі ел ұсынған маршруттың географиялық координаттары келісілген.
Иран мен Оман кемелердің Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өтуіне мүмкіндік беретін жаңа маршрутты келісіп алды.
Бұл туралы Euronews хабарлады.
Иран Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, екі ел ұсынған маршруттың географиялық координаттары келісілген.
Егер үшінші тараптар бұл үдеріске кедергі келтірмесе, екі ел арасындағы негізгі келісімдерді қамтитын бірлескен мәлімдеме де келісу мен дайындаудың соңғы кезеңінде тұр, – деді Иран СІМ өкілі Исмаил Багкаи.
Оның сөзінше, Оманмен жүргізілген келіссөздер «кәсіби деңгейде» өтіп, алға жылжып келеді. Алайда ол бұғаз арқылы өтетін барлық кемелер үшін қауіпсіздікке толық кепілдік берілмейтінін ескертті.
Ормуз бұғазы – әлемдегі ең маңызды теңіз көлік дәліздерінің бірі. Бұл бағыт арқылы әлемдік теңіз мұнай тасымалының шамамен төрттен бірі, сұйытылған табиғи газ саудасының едәуір бөлігі және карбамид экспортының үштен бір бөлігі өтеді.
Бұған дейін 2026 жылдың сәуір айындағы алдын ала мәліметтерге сәйкес, Ормуз бұғазына тәуелді елдердің экспорт көлемі айтарлықтай төмендегені хабарланған болатын. Негізгі 12 тауар түрі бойынша жалпы жеткізілім көлемі өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда 54 пайызға қысқарған.