21 Ақпан 2026, 20:45
Фото: pixabay.com
Иран мен Катар АҚШ-пен жанама ядролық келіссөздердің барысын талқылады
Арагчи мен Әл-Сани дипломатиялық үдерісті ілгерілету үшін консультациялар мен ынтымақтастықты жалғастыру қажет деген ортақ пікірге келді.
Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи мен Катардың Сыртқы істер министрі Мұхаммад бен Абдуррахман Әл-Сани АҚШ пен Иран арасындағы жанама ядролық келіссөздер аясындағы соңғы жағдайды талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Иранның мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Арагчи мен Әл-Сани телефон арқылы сөйлескен.
Аймақтық және халықаралық деңгейдегі соңғы оқиғаларды талқылай отырып, екі ел өкілдері Тегеран мен Вашингтон арасындағы жанама келіссөздердің қазіргі жай-күйін қарастырды.
Тараптар дипломатиялық үдерісті жеңілдету және ілгерілету мақсатында өңірлік өзара іс-қимыл аясында консультациялар мен ынтымақтастықты жалғастырудың маңызын атап өтті.