Бүгiн 2026, 16:18 Фото: Anadolu Agency

Иран мен "Хезболла" Израильдің солтүстігіне бір мезетте жауап соққысын жасады

Израильдің Yedioth Ahronoth басылымы Иран мен «Хезболла» ұшырған зымырандардың бір бөлігі ашық аумаққа түскенін мәлімдеді.

Израильдің шабуылына ұшыраған Иран мен Ливанның «Хезболла» қозғалысы бір мезетте Израильдің солтүстігіне жауап соққысын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Израиль армиясының мәліметінше, әуе қорғаныс жүйелері Иран тарапынан ұшырылған зымырандарды қағып түсіруге әрекет жасап жатыр.

Иранның соққысынан кейін Сирияның Израиль басып алған Голан биіктерінде әуе дабылы сиреналары қосылған. Сонымен қатар Ливаннан «Хезболла» ұшырған зымырандарға байланысты Галилеяның солтүстігінде де сиреналар іске қосылған.

Израильдің Yedioth Ahronoth газеті Иран мен «Хезболла» ұшырған зымырандардың бір бөлігі ашық жерге түскенін айтты.

Израильдің жедел жәрдем қызметі «Маген Давид Адом» (Давидтің қызыл қалқаны) соққылар мен зардап шеккендер туралы хабар түспегенін айтып, қажет болған жағдайда ақпаратты жаңартатынын жеткізді.