Бүгiн 2026, 19:52 Фото: depositphoto.com

Иран мен АҚШ маңызды келісімге келді: уранды байыту деңгейі төмендетіледі

Тараптар уранды байыту деңгейін төмендету мәселесі бойынша өзара түсіністікке келді.

АҚШ пен Иран Швейцарияда өткен келіссөздер барысында Тегеранның қолындағы уран қорын байыту деңгейін төмендету жөнінде келісімге келді.

Бұл туралы Пәкістанның сыртқы істер министрі Исхақ Дар Al Arabiya телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтон мен Тегеран мәселені дипломатиялық жолмен шешуді жалғастыруға уағдаласқан.

АҚШ Иранның ядролық қорларын ел аумағынан шығаруды сұрады. Алайда біз байыту деңгейін төмендету туралы шешімге келдік, – деді ол.

Министрдің сөзінше, Иранның ядролық қорлары әлі де жер астында сақтаулы тұр.