Иран МАГАТЭ директорының ядролық аумақтарға кіруіне тыйым салды

Тегеран Рафаэль Гросси мен МАГАТЭ инспекторларына өзінің ядролық объектілеріне баруға тыйым салды және бейнебақылау камераларын орнатудан бас тартып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Ел парламенті төрағасының орынбасары Хамид Реза Хаджи Бабейдің мәлімдеуінше, Иран бұдан былай Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директорының ядролық нысандарына баруына рұқсат бермейді.

Тегеран сонымен қатар ядролық бағдарламаға қатысы бар нысандарға бейнебақылау камераларын орнатудан бас тартып отыр.

Бұған дейін агенттік инспекторларына елге кіруге тыйым салынды, бірақ бұл тыйым МАГАТЭ директорының өзіне қатысты ма, жоқ па белгісіз. Қазір бұл сұраққа ресми жауап берілді.

Иран МАГАТЭ-ні АҚШ пен Израильдің ядролық нысандарына шабуыл жасауына көмектесті және оларды айыптамайды деп кінә тақты. АҚШ-тың соңғы операциясынан кейін Гросси Иранның ядролық бағдарламасын жалғастыру үшін ресурстары мен білімін сақтап отырғанын айтып, байытылған уран қорын тексеру үшін сайттарға кіруді талап етті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы