Бүгiн 2026, 09:48 Фото: Anadolu Agency

Иран Кувейт, Бахрейн және БАӘ-дегі АҚШ-тың әскери нысандарына соққы жасады – БАҚ

ИРСК мәліметінше, соққылар Кувейт, Бахрейн, БАӘ және Израильдегі бірқатар әскери әрі стратегиялық нысандарға бағытталған.

Иран Кувейт, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі АҚШ-тың әскери позицияларына шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ

Агенттік бұл ақпаратты Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) мәліметіне сүйеніп таратты.

ИРСК АҚШ пен Израильдің шабуылдарына жауап ретінде басталған “Шынайы уәде 4” операциясының 95-толқыны аясында Израиль мен АҚШ нысандарына жаңа соққылар жасалғанын мәлімдеді, – делінген хабарламада.

Мәліметке сәйкес, соққы Кувейттегі Бубиян аралында орналасқан АҚШ армиясының HIMARS артиллериялық батареяларына, Бахрейннің солтүстігінде орналастырылған Patriot әуе қорғаныс жүйелеріне, сондай-ақ БАӘ-дегі Сил-Банех ауданында АҚШ армиясының жоғары лауазымды командирлері мен нұсқаушылары жиналған орынға бағытталған.

ИРСК зымыран шабуылдары барысында БАӘ-дегі америкалық Oracle технологиялық компаниясының орталығы, Израильмен байланысты кеме және Бахрейндегі Халифа бин Салман портына да соққы тигенін нақтылады.

Израильдің Бней-Брак, Петах-Тиква, Тель-Авив, Рамат-Ган және Кирьят-Шимона аудандарындағы нысандар да көпзарядты зымырандармен үздіксіз әрі қарқынды атқылауға ұшыраған.

ИРСК шабуылдардың жалғасып жатқанын айтты.

Ал IRNA агенттігі Telegram-арнасында өңірдегі америкалық нысандарға жасалған дрон шабуылдарының видеосын жариялады.