+22

Иран Израильге соққыны тоқтатты: Тегеран ресми мәлімдеме жасады

Иран тарапы Израильге қарсы әскери операцияларын аяқтағанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарулы күштеріміздің Израиль агрессиясына жауап беру үшін жүргізген әскери операциялары соңғы минутқа дейін, таңғы 4-ке дейін жалғасты, – деді министр өз мәлімдемесінде.

Дипломат сонымен қатар ирандық әскерилердің елін қорғауға деген ерік-жігерін жоғары бағалап, “Сарбаздарымыз соңғы тамшы қаны қалғанша елді қорғауға және жау шабуылына соңғы минутқа дейін жауап беруге дайын” екенін атап өтті.

Ресми мәліметтерде операцияның ауқымы немесе егжей-тегжейі нақтыланбаған. Алайда, бұл мәлімдеме соңғы апталарда Таяу Шығыста өршіген Иран–Израиль қарулы шиеленісінің уақытша тоқтағанын білдіруі мүмкін.

Кеше АҚШ ядролық нысандарға соққы жасап, қызыл сызықты кескенін, енді Иранның жауабы қатаң болуы мүмкін екенін жазған едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы