Бүгiн 2026, 13:47 Фото: pixabay.com

Иран Израиль мен АҚШ базаларының электр станцияларына соққы жасайтынын айтып, сес көрсетті

Соққы АҚШ-тың өңірдегі экономикалық және өнеркәсіптік инфрақұрылымына да тиюі мүмкін.

Егер Иранның электр станцияларына соққы жасалса, жауап ретінде өңірдегі Израильді және АҚШ әскери базаларын электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған елдердегі электр станциялары нысанаға алынатыны айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) мәлімдеді.

Tasnim агенттігі КСИР-дің тиісті мәлімдемесі жазбаша түрде таратылғанын алға тартты.

Құжатта Ирандағы электр станцияларына шабуыл жасалған жағдайда жауап соққыларының нысанасына Израильдің энергетикалық нысандары ғана емес, сонымен қатар өңірдегі АҚШ базаларын электрмен жабдықтап отырған елдердің электр станциялары да ілігетіні атап өтілген.

Бұдан бөлек, АҚШ-тың өңірдегі қатысуымен байланысты экономикалық, өнеркәсіптік және энергетикалық инфрақұрылым да соққыға ұшырауы мүмкін.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеран 48 сағат ішінде Ормуз бұғазын толық әрі қауіпсіз түрде ашуды қамтамасыз етпесе, Вашингтон Иранның электр станцияларына соққы жасай бастайтынын мәлімдеген.

Егер Иран осы сәттен бастап 48 сағат ішінде Ормуз бұғазын ешқандай қауіп-қатерсіз толық ашпаса, АҚШ Ирандағы әртүрлі электр станцияларына – ең ірілерінен бастап соққы жасап, оларды түбегейлі жояды, – деп жазды Ақ үй басшысы әлеуметтік желілерде.