Бүгiн 2026, 08:39 Фото: pixabay

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты

Иранның әуе кеңістігі 29 наурызға дейін жабық.

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл шектеулерге бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Атап айтқанда, мемлекеттік, әскери және санитарлық авиация рейстеріне, сондай-ақ іздестіру-құтқару мақсатындағы ұшуларға арнайы рұқсатпен ғана ұшуға мүмкіндік беріледі.

Дереккөздің мәліметінше, Иранның әуе кеңістігі 29 наурыз, жексенбі күні дүниежүзілік уақыт бойынша шамамен 08:30-ға дейін жабық болады.

Айта кетейік, бұған дейін ұшуға тыйым 22 наурыз таңына дейін күшінде болған.